Пікірлер
«Мен ауыл мектебінде жұмыс істейтін мұғалім ретінде осындай бағдарламаны көптен іздеп жүр едім. Сабақ жоспарын дайындау, тапсырма құрастыру, көрнекі материал жасау және құжаттарды рәсімдеу ауыл мұғалімдеріне көп уақыт алады. Жұмыста қажет мұндай цифрлық құралдарды меңгеру арман ғой.»
«Бағдарлама мектеп мұғалімдері үшін пайдалы деп ойлаймын. Қазіргі кезде мұғалімдер сабақ жоспарын дайындау, тапсырма құрастыру, бағалау, кері байланыс беру және құжаттарды рәсімдеу кезінде көп уақыт жұмсайды. Бұл курс жасанды интеллект құралдарын дұрыс қолданып, осындай күнделікті қиындықтарды жеңілдетуге көмектессе жұмысымыздың сапасы өседі.»
«Курс тақырыбы қазіргі мектеп мұғалімдері үшін өзекті деп санаймын. Жасанды интеллект құралдарын сабақ дайындауда, тапсырма құрастыруда және цифрлық оқу материалдарын әзірлеуде қолдану педагогтердің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Бағдарламаны қолдаймын.»
«Бағдарлама өзекті тақырыпты қамтып, жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде практикалық тұрғыдан тиімді қолдануға бағытталған. Курстың құрылымы жүйелі құрастырылған, ал Vibe coding пен метакодтау тәсілдерінің енгізілуі оның жаңашылдығын арттырып, тыңдаушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, бағдарлама сапалы әзірленген және педагогтердің кәсіби қызметінде заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға ықпал етеді.»